2015 жылы Астанада 2 автовокзалдың құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Астанада 2 автовокзалдың құрылысы басталады

18.08.2014
2015 жылы Астанада 2 автовокзалдың құрылысы басталады

Елордада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай мен Қарағанды қалалары бағытындағы магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған.

Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта олардың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. 

Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың І тоқсанында басталмақ. Бірақ, концессионерді анықтау бойынша конкурс өткен соң бұл мерзім өзгеруі мүмкін. 

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының қоғамдық көлігі саласында 8 компания (соның ішінде 1 коммуналдық және 7 жеке меншікті) 50 маршрутпен қызмет көрсетеді. Автопарктерде 890 автобус жұмыс істейді. Оның 734 бірлігі күн сайын жолға шығады.

Қоғамдық көліктер тәулігіне 750 мың жолаушы тасымалдайды, кей кезде бұл көрсеткіш тәулігіне 824 мың жолаушыны құрайды. Ал, қала тұрғындарының қоғамдық көлікті пайдалану үлесі 33 пайызға тең.

Хабарламаларға жазылу