Қазақ тарихы туралы тұңғыш музыкалық альбом жазылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тарихы туралы тұңғыш музыкалық альбом жазылды

13.08.2014
Қазақ тарихы туралы тұңғыш музыкалық альбом жазылды

Қазақстанда алты алаштың тарихынан сыр шертетін «Қазақ елі» музыкалық альбомы жазылды. Жаңа туындының қыр-сыры туралы автор, сазгер Сайрамбек Жексембі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туынды 3 бөлімнен тұрады. Автор  2CD, 1 DVD диск жазуды жоспарлап отыр.

«Алғаш рет еліміздің тарихын музыкалық туындыда баяндауға тырыстық. Трилогияда драматургия да, ішкі энергия, сюжет те бар. Қазақтың барлық тарихын бір туындыға сыйғызу өте қиын. Бірінші диск Марат Бисенғалиевтің көркемдік жетекшілігімен Алматы симфониялық орекстрінің орындауында төрт-ақ күнде дүниеге келді. Туынды Александр Шевченконың «Sky Rekording» студиясында жазылды»», - деді сазгер. 

Сазгер жақын болашақта екінші және үшінші альбомды дүниеге әкеліп, концерттік тұсаукесер өткізуді жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу