Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауына «Халонг» тайфуны жетті. Ел билігі жарты миллион адамды қауіпсіз аймаққа шығаруға жарлық етті.
Жаңбырдың қатты жауғаны соншалық, ол рекорд орнатқан (сағатына 85 миллиметр), деп хабарлайды Жапонияның метеорологиялық қызметі.
Тайфун кезіндегі желдің жылдамдығы сағатына 180 километр болған.
Әзірге тайфунға байланысты, төрт адамның қаза тапқаны хабарланып отыр.