Оңтүстік Кореяға «Ханун» тайфуны жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяға «Ханун» тайфуны жетті

10.08.2023

Оңтүстік Кореяға «Ханун» тайфуны жетті. Үздіксіз нөсер жаңбыр жауып тұр. Елдің оңтүстік және шығыс бөліктеріне 40 сантиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. 300-ден астам ұшақ рейсі тоқтатылған. 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Чеджудо аралын құрлықпен жалғайтын паром қатынасы да тоқтаған. Бұған дейін «Ханун» Жапонияға соққы берген еді. Мұнда табиғи апаттан екі адам қаза тапқан.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу