Лондонның әрбір 35-ші тұрғыны – миллионер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонның әрбір 35-ші тұрғыны – миллионер

09.08.2014
Лондонның әрбір 35-ші тұрғыны – миллионер

Лондон – ең көп миллионер тұратын қала атанды, деп хабарлайды New World Wealth компаниясы.

Мамандардың есебі бойынша, Лондон тұрғындарының 3 пайызында 1 миллион доллардан асатын қоры бар.

New World Wealth компаниясының зерттеуі бойынша Ұлыбритания астанасында 395 600 миллионер бар. Алдыңғы жылы тура осындай зерттеуде Лондон Токио мен Нью-Йорктан кейін үшінші орынға ие болған.

Ал, мультимиллионерлер (таза қоры 10 миллион доллардан асады) саны бойынша Лондон Гонгконг (15 400) пен Нью-Йорктен (14 300) кейін үшінші орынға орналасты. Онда 9 700 мультимиллионер тұрады. 

Соңғы 10 жылда әлемде мультимиллионерлердің жалпы саны 71 пайызға, ал миллионерлердің саны 58 пайызға көбейген. 

Хабарламаларға жазылу