Тікелей эфир. «Ливерпуль» - «Ньюкасл Юнайтед» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир. «Ливерпуль» - «Ньюкасл Юнайтед»

13.04.2015
Тікелей эфир. «Ливерпуль» - «Ньюкасл Юнайтед»

«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасының өткен турында сырт алаңда лондонның «Арсенал» клубынан 4:1 есебімен жеңілген. 31-турдан кейін «Ливерпуль» клубы 56 ұпаймен 6-орында келеді. Брендан Роджерс шәкірттері чемпиондықтан үміт үзгенімен, келесі жылы Чемпиондар Лигасында ойнауына мүмкіндік бар.

Ал, «Ньюкасл Юнайтед» клубы өткен турда «Сандерленд» клубыннан 0:1 есебімен ұтылып қалған. «Ньюкасл Юнайтед» қазіргі таңда 35 ұпай жинап, 13-орында.

АПЛ-дың 32-ші туры аясындағы «Ливерпуль» мен «Ньюкасл Юнайтед» арасындағы матчты бүгін сағат 00:50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу