Ромелу Лукаку «Эвертон» клубына ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ромелу Лукаку «Эвертон» клубына ауысты

31.07.2014
Ромелу Лукаку «Эвертон» клубына ауысты

Лондонның «Челси» футбол клубындағы бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукаку  «Эвертон» клубына ауысты. Келісімшарт құны - 28 миллион фунт стерлинг. Бұл ливерпульдік клуб үшін рекордтық көрсеткіш.

Келісімшарт мерзімі 5 жылға жасалған. Айта кетейік, өткен маусымда Лукаку «Эвертон» құрамында жалға алу құқығымен ойнаған. 33 ойында 16 рет көзе түсіпті.

Лукакудың арқасында команда өткен жылы премьер-лигада 5-ші орынға тұрақтап, Еуропа Лигасына қатысу құқығын жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу