Ұлыбританияда өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзғандарға 10000 фунт айыппұл салынады

22.09.2020

Енді Ұлыбританияда бойынан коронавирус белгісі табылған немесе вирус жұқтырған адаммен байланыста болған жандар өзін-өзі оқшалау ережесін бұзған жағдайда 10000 фунт айыппұл төлейді. Қатаң ереже 28-ші қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұл шектеулер коронавирус жұқтырғандар санының қайта өсуіне байланысты қабылданды. Мысалы, жексенбі күні 3899 адам індетке шалдықса, бір күнде вирустан қайтыс болғандар саны 18 адамға жеткен. Естеріңізге сала кетейік осыдан үш күн бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон вирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеген. 

Майкл Джоусон, қала тұрғыны:

- Менің ойымша, бұл өте орынды шешім. Адамдар вирустың қаншалықты қауіпті екенін түсінеді. Ал автобустарда бетперде кимеген жолаушыларды әліде кездестіруге болады. Лондонның транспорт жүйесіне жауапты ұйым оны қадағалап жатқан жоқ. 

Хабарламаларға жазылу