Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

22.10.2019
Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, биыл 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдық жоспардың 89% (373 мың), оның 146 мыңы - ауылдық жерлерде, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылған жұмыс орындарының 214,4 мыңы – тұрақты, 117,6 мыңы – уақытша жұмыс орны.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп құрылған жұмыс орындары көтерме және бөлшек сауда саласында – 35,8 мың. 32,9 мың – құрылыс саласында, 31,2 мың – ауыл, орман және балық шаруашылықтарында.

Жұмыс орындарының басым бөлігі Алматы (42,3 мың), Қарағанды (31 мың) облыстарында және Алматы қаласында (36,4 мың) құрылды.

Ең аз саны Қызылорда (9,6 мың), Ақмола (10,3 мың) және Батыс Қазақстан (10,8 мың) облыстарында құрылған.

Бүгінгі таңда жұмыс орындарын құру негізінен мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалары аясында жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Хабарламаларға жазылу