Ақтөбе құрамасы теңге ілуден ел чемпионы атанды
Алматы маңында Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ҚР ІІІ чемпионатында теңге ілу мен аударыспақ ойындарының нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Теңге ілуден Ақтөбе облысының командасы 1 орынды жеңіп алды. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал 3 үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды.
Бүгін аударыспақтан да сайыстар аяқталды. Сонымен, 40 келілік салмақ бойынша 1 орынды - Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алды, 2 орында - Оңтүстік Қазақстан облысы, ал 3 орында – Ақмола облысы.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан бұл біріншілік Үшқоңыр кенті маңындағы «Қазанат» атшабар алаңында өтуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ыстанбұлда Димаш Құдайбергеннің концерті болды
25.05.2026, 13:27
Ақтауда «Заңды құрметтейтін ұрпақ» атты театр байқауы өтті
25.05.2026, 13:24
Теміртау қаласы жылыту маусымына дайындала бастады
25.05.2026, 13:21
Қазақстан – Ресей: Білім мен ғылым байланысы артып келеді
25.05.2026, 13:18
Астанада өтетін форумда маңызды құжаттар бекітіледі
25.05.2026, 13:15
Ресей президенті мемлекеттік сапармен келеді
25.05.2026, 13:12
Италияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті
25.05.2026, 13:09
Пәкістанда пойызды жарып жіберді
25.05.2026, 13:06