Теміртау қаласы жылыту маусымына дайындала бастады
Қарағанды облысы Теміртау қаласында жылыту маусымына дайындық қазірден басталып кетті. Себебі шаһардағы жылу желілерінің 70 пайыздан астамы тозған. Қазір қаладағы орталық даңғылдың бірінде ұзындығы 1600 метр жылу магистралі ауыстырылып жатыр. Жалпы құрышты шаһардың 200 шақырымнан астам инженерлік желілері үш жылда кезең-кезеңімен толық жаңартылмақ. Соның 50 шақырымы биыл жөнделеді. Теміртаудағы жылу құбырларының жалпы ұзындығы 425 шақырым болады. Соңғы бес жылда 155 шақырымы ауыстырылды. Бұған қоса қаланың ескі үйлерін жылу және тоқпен қамтамасыз ететін станцияда жөндеу жұмыстары басталды.
Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:
Біз енді басты, магистральдық жылу желілеріне көңіл бөлген болатынбыз. Сондықтан оның апаттық жағдайын едәуір төмендеттік. Яғни 2021 жылдары апаттың жағдайы 90 болатын болса, биылғы жылу беру маусымында 16 апат қана болды. Оның өзі үлкен жетістік деп олаймын. Алайда бізде кварталішілік желілердің үлкен тозуы байқалады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22