Қазақстанда Сәбина Алтынбекованың фан-клубы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Сәбина Алтынбекованың фан-клубы құрылды

03.08.2014
Қазақстанда Сәбина Алтынбекованың фан-клубы құрылды

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекованың фан-клубы Ақмола облысы, Ақкөл ауданында құрылды. Айта кетейік, осындай фан-клубтер бұған дейін Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд және Тайвань мемлекеттерінде құрылған еді.

Сәбинаның атағы оның көркем келбетінің арқасында күн сайын өсіп келеді. Әлеуметтік желілерде Сәбинаға арналған парақша саны да арта түскен. 

Алайда Сәбинаның айтуынша, ол тек қана «Вконтакте» және «Instagram» әлеуметтік желілерін пайдаланады. 17 жастағы Сәбина Алтынбекова Азия чемпионаты кезінде Қытай әлеуметтік желілерінде жұлдызға айналғанын айта кеткен жөн. Қазақстанға оралған соң, Сәбина бұл атағына қалай ие болғанына өзі де таңғалып отырғанын жеткізді.

Қазақстандық волейболшы қыздың келбетін америкалық бұқаралық ақпарат құралдары да талқылады. «Huff Post» басылымның  жазуынша, Сәбина Алтынбекова  волейбол ойыны үшін тым әдемі.

Хабарламаларға жазылу