Әлеуметтік желі арқылы танымалдылығы артқан арулар - «Әйел бақытында» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желі арқылы танымалдылығы артқан арулар - «Әйел бақытында»

16.07.2015
Әлеуметтік желі арқылы танымалдылығы артқан арулар - «Әйел бақытында»

Қазір «Атың шықпаса, жер өрте» деген мәтелдің маңызы шамалы. Себебі, бүгінгі технология дамыған заманда ел арасында  танымал болу аса қиындық тудырмайды.

Оған бірден-бір себеп – әлеуметтік желі. Түрлі фотоға түсіп, қызықты видеоңызды әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларыңызға салсаңыз жеткілікті. Санаулы секундтарда-ақ, таныстарыңыздан «лайк» жиналып, түрлі сипаттағы пікірлер ағылады.

Тіпті, егер фото немесе видеоңыз ұнап жатса, әркім өз парақшасында бөлісе алады. Осыдан кейін танымалдылығыңыз арта түседі.

Аз уақытта танымалдылығы артқан жандардың құпиясы неде? Мұндай жағдай адамдардың өміріне қаншалықты әсер етеді?

Сәбина Алтынбекова, Мақпал Исабекова, Бота Нұрсейітова, Луина. Бұл осы күні әлеуметтік желі тұтынушылары мен әйелдер арасында танымал  арулар.  Қыздар бүгін 15.00-де «Әйел бақытында» танымал болудың сырларымен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу