Сабина Алтынбекова жапон клубына ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сабина Алтынбекова жапон клубына ауысты

22.09.2015
Сабина Алтынбекова жапон клубына ауысты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Жапонияның GSS Sunbeams клубына ауысты. Бұл ақпаратты аталған клубтың ресми сайты бүгін мәлімдеді. GSS Sunbeams клубы Токио қаласының намысын қорғайды және клуб сапында Сабина Алтынбекова ел біріншілігіндегі жарысын қараша айының ортасында бастамақ.

Волейболшы бұл ұжымда бір айдан бері жаттығып жүр.  GSS Sunbeams Жапония чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсетеді. Ақпарат порталының мәлімдеуінше, спортшы жапондық клубпен 1 жылдық келісімшарт жасасқан.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу