Голубев-Брацциали жұбы Кицбюэль турнирінің финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голубев-Брацциали жұбы Кицбюэль турнирінің финалына шықты

02.08.2014
Голубев-Брацциали жұбы Кицбюэль турнирінің финалына шықты

Австрияда өтіп жатқан «Bet at Home Cup — Kitzbuhel» турнирінде ерлер арасындағы жұптық теннисте қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен италиялық Даниэль Брацциали финалға жолдама алды. Турнирдің жүлде қоры – 485,7 мың еуро.

Жартылай финалдық бәсекеде Андрей Голубев пен италиялық Даниэль Брацциали Мартин Эммрих (Германия)/Лукаш Росол (Чехия) жұбын 6:3. 2:6, 10:4 есебімен жеңді.

Енді олар финалда финляндиялық жұп Хенри Континен және Яркко Ниеминенмен кездеседі.

Турнирдің финалына шыққаны үшін Голубев және Брацциали 2 мың 350 еуро және 150 рейтингтік ұпай жинады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу