Шымкентте «Rixos» қонақүйі бой көтермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Rixos» қонақүйі бой көтермек

31.07.2014
Шымкентте «Rixos» қонақүйі  бой көтермек

Шымкент қаласында «Rixos Khadisha Shymkent» бес жұлдызды қонақүйінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

12 қабаттан тұратын қонақүйдің жалпы көлемі 34 мың шаршы метр. 176 нөмірі бар. Оның ішінде көлемі 450 шаршы метр болатын Қазақстандағы ең үлкен президент нөмірі де бар.

«Қонақүйдің құрылысы барысында «жасыл құрылыс» концепциясы ескерілді. Мұндағы басты мақсат – қоршаған ортаға мейлінше аз залал келтіру  және энергия ресурсын аз пайдалану»,-делінген хабарламада.

«Rixos Khadisha Shymkent» - Қазақстан бойынша  «Rixos» желісіндегі төртінші қонақүй болмақ. Алдыңғы үшеуі Астана, Алматы және курортты жер – Бурабайда орналасқан.

Айта кету керек, Шетелдік инвесторлардың 28-ші кеңесі дәл осы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде өтеді, деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу