Ертең Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайы ашылады
Әуежай бірінші болып отандық FlyArystan лоукостерінің Нұр-Сұлтан-Түркістан бағытында жолаушыларын қабылдайды. Ал 5 желтоқсаннан бастап Алматы қаласына рейстер ұшады. Бұл туралы Мəдениет жəне спорт министрлігінің ресми сайты ақпарат таратты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы тарихи-мәдени нысандарды сақтау, қалаға жаңа инновациялық технологияларды дамытуды үнемі айтып келеді. Бүгінде құрылыс жұмысы қайнаған қалада көрікті ғимараттар қатары көбейіп, тарихи келбетпен үндестік тауып жатыр. Қазір Түркістанға тек отандастарымыз ғана емес, шет елден де туристер көптен келеді.
«Түркістан күн сайын түрленіп, құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді. Осы ретте тарихи-мəдени сипатқа басымдық беріп, көптеген мəдениет, спорт нысаны салынды, туризм инфрақұрылымына назар аударып жатырмыз. 120 адамға арналған Rixos Turkistan жаңа қонақ үйі, «Түркістан-Арена» көп функционалды стадион мен «Конгресс-холл» көп функционалды концерт залы пайдалануға берілді. Келесі жылы тағы 120 адамға арналған Hampton by Hilton қонақүйі мен көп функционалды Керуен-Сарай туристік кешен ашылады», - дейді Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Франция жартылай финалға өтті
10.07.2026, 17:35
Ақмола облысында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дәрі оқылды
10.07.2026, 17:33
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
10.07.2026, 17:30
Түркістан облысында астық орағы қыза түсті
10.07.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
10.07.2026, 17:26
Шымкентте 4 мың азамат алимент төлемей жүр
10.07.2026, 17:24
Ресейде жоғары оқу орындарына түсу қиындады
10.07.2026, 17:22
Жапонияда тайфунға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10.07.2026, 17:21