Ақмола облысы перинаталдық орталығына медициналық жабдықтар тапсырылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы перинаталдық орталығына медициналық жабдықтар тапсырылды (ФОТО)

27.01.2015
Ақмола облысы перинаталдық орталығына медициналық жабдықтар тапсырылды (ФОТО)

Бүгін Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы перинаталдық орталығына шала туған сәбилерді күтуге арналған медициналық жабдықтар тапсырылды.  Құны 57 миллион теңгеге жуық жабдық 2014 жылдың  23 тамызында өткен екінші «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруі кезінде жиналған қаржыға сатып алынған.

Ұйымдастырушылар - «Rixos Borovoe» қонақүйі және Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры.

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастаған «Rixos Borovoe-2014»   велошеруіне қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың 300-ге жуық  топ-менеджері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысқан. 

Велошеру қатысушыларының салған жеке жарнасының, сондай-ақ, «Верный Капитал», «Қазцинк», «Beeline Kazakhstan», «Altyntau Resources», «Astana Property Management», «BI Group», «Vinci», «Turner», «Deloitte», Еуразия тобы компанияларының, «Kassa Nova», «Forte Bank», «Темір Банк», «Альянс Банкі» банктерінің және Қазақстан Теннис федерациясының корпоративтік жарнасының арқасында заманауи медициналық жабдықтарды сатып алуға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, велошеру шеңберінде Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтан, «Тур де франс-2014» жеңімпазы Винченцо Нибалиден, сондай-ақ, «Astana» велотобының басқа да белгілі  қатысушылары мен атақты қазақстандық теннисшілерден ұсынған лоттардың қайырымдылық аукционы өтті. 

Айта кету керек, «Асыл Мирас» қоры жиналған қаржының бір бөлігін Қызылорда перинаталдық орталығына жабдық сатып алуға бағыттау туралы шешім қабылдады.

 

Хабарламаларға жазылу