«Астана Опера» театры «Жібек жолы» атты алғашқы Халықаралық фестивалін өткізеді.
Елорда театрының сахнасында Қазақстан, Италия, Франция, Қытай мен Ресейдің опера және балет жұлдыздары өнер көрсетеді.
Өнер мерекесін Астана тұрғындары мен қонақтары 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тамашалай алады.
Фестиваль бағдарламасы бойынша «Тоска» операсы көрермен назарына 17 қыркүйекте ұсынылады. «Ромео мен Джульетта» балеті 19 қыркүйекте, «Бiржан-Сара» операсы 20 қыркүйекте қойылады. «Спартак» балетін көрермен 23 қыркүйекте, «Аққулы көл» балетін 27 қыркүйекте тамашалай алады.
«Астана Опера» жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт 29 қыркүйекте өтеді.
Сондай-ақ, халықаралық фестивальде Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Ұлттық Қытай театрының ұжымы өнер көрсетеді. Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына орай, «Сүю, үміттену және сену» атты бенифисі өтеді.
«Жібек Жолы» фестивалінің бағдарламасын 5 қазанда «Астана Балет» ғажайып ұжымы жабады.
Билеттерді «Астана Опера» театры мен «Қазақстан» Орталық концерт залының кассаларынан алуға болады.
astanaopera.kz