Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

30.07.2014
Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астанадағы Абай даңғылының бір бөлігіндегі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. 31 шілде мен 3 тамыз аралығында Абай даңғылы бойымен Әуезов көшесінен бастап Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектетіледі. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ-на сілтеме жасап Астана әкімдігі сайты хабарлайды.

«Алдағы жылу беру маусымына орай аталған аймақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін мекеме қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.  Жөндеу жұмыстары аяқталысымен, көшедегі қозғалыс қалпына келтіріледі»,  делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу