Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

10.06.2016
Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Елордада жол жөндеу және асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау бойынша жұмыстар жалғасын табады. Осыған байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі:

- 11-30 маусымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі Уәлиханов көшесінен Сембинов көшесіне дейін жартылай жабылады;

- 11-15 маусымда Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі;

- Кравцов – Уәлиханов көшелерінің қиылысы 10-12 маусымда жартылай жабылады.

Сонымен қатар, 9-12 маусымда Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты автобустардың қозғалыс сызбасы да уақытша өзгереді.

2016 жылғы 11 маусымнан бастап №102 экспресс маршруттың қозғалыс бағыты жартылай өзгереді: бастапқы пункт – Көктал-2 т/а - Орынбор мен № 31 көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Орынбор к-сі – Орынбор к-сі мен Қабанбай батыр даңғылында бұрылады (Family Town т/к) – Орынбор к-сі (№ 31 көшеге кірмейді) – одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

11 маусымнан бастап № 39 бағдардағы автобустың қозғалыс сызбасы: бастапқы пункт – «Астана инерт», одан әрі – Көктал к-сі – Оқжетпес к-сі – Бәйсейітова к-сі – Фахд бен Абдулл Әзиз к-сі – Ақан сері к-сі – Бөгенбай батыр даңғылы – Алаш тасжолы – соңғы пункт «Шарын» базары.

Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Хабарламаларға жазылу