Алматыда 10-13 қараша күндері бірқатар көшеде бағдаршамдар жұмыс істемейтін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 10-13 қараша күндері бірқатар көшеде бағдаршамдар жұмыс істемейтін болады

10.11.2015
Алматыда 10-13 қараша күндері бірқатар көшеде бағдаршамдар жұмыс істемейтін болады

«Алматы электр станциялары» АҚ мәлімдеуінше, бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Алматыда бірқатар көшеде жарықтың болмауына байланысты бағдаршамдар жұмыс істемеуін тоқтатады. Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды.

10 қараша күні сағат 17:00-дейін Төле би — Жароков, Сәтбаев — Фурманов, Абай — Байтұрсынов, Гоголь — Байтұрсынов көшелерінің қиылысында бағдаршам жұмыс істемейді.

11 қарашада таңғы сағат 8:00-ден 17:00 дейін  Тимирязев — Марков, Төле би — Жароков, Жароков — Қарасай батыр және Гоголь — Фурманов көшелерінде бағдаршам уақытша өшірілуі мүмкін.

12 қараша күні сағат 9:00-ден 17:00 дейін Абылай хан мен Гоголь көшесінің қиылысындағы  және  Төле би — Жароков, Жароков — Қарасай батыр, Гоголь — Фурманов, Тимирязев — Марков, Фурманов — Абай және Сайын — Жандосов көшелеріндегі бағдаршамдар жұмыс істемейді.

13 қараша күні сағат 8:00-ден 17:00 дейін  Мақатаев — Жетісу көшелері  және Жетісу — Райымбек даңғылының қиылысында бағдаршамдар уақытша істемейді.

Хабарламаларға жазылу