Астанадағы Қошқарбаев көшесінің бір бөлігі жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Қошқарбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

04.09.2014
Астанадағы Қошқарбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

5-14 қыркүйек аралығында  Қошқарбаев көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары «ТМ-18 жылу магистралін қалпына келтіру» жобасы аясында қолға алынбақ.

Бұл жылумен қамту сенімділігін арттыруға және жаңа құрылыс нысандарын жылу энергиясына қосуға, сондай-ақ, тозығы жеткен магистральдік желілердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

 

Хабарламаларға жазылу