«Интерстеллар» фильмінің әлемдік премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Интерстеллар» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

28.10.2014
«Интерстеллар» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Голливудтың TCL қытай кинотеатрында Кристофер Ноланның «Интерстеллар» («Interstellar») фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Шағара әйгілі актерлер Мэттью Макконахи, Энн Хэтэуэй, Джессика Честейн және өзге де Голливуд жұлдыздары қатысты.

  Мэттью Макконахи

Энн Хэтэуэй

«Интерстеллар» - космос туралы ғылыми-фантастикалық фильм. Оны тіпті, «Альфонсо Куаронның «Гравитация» туындысының бәсекелесі», деп бағалады көрермендер. Алайда, RottenTomatoes агенттігі фильмнің рейтінгісін жариялап та үлгерді. Ол Кристофер Ноланның фильмдерінің ішінде ең төменгі пайызға ие болған, деп хабарлайды kinonews.ru.

Айта кетейік, картина 7 қарашада әлемдік прокатка шығады.

Басты рөлдерде: Мэттью Макконахи, Энн Хэтэуэй, Джессика Честейн, Майкл Кейн, Кейси Аффлек, Билл Ирвин.

Сюжеті: Жер бетін қуаңшылық басқан кезде, зерттеуші ғалымдар адамзатты басқа ғаламшарға көшіру үшін, қолайлы мекенді іздеуге сапарға шығады. Олар қиындықтарды басынан өткереді. 

«Интерстеллар»

«Интерстеллар»

 

Суреттер: kinonews.ru

Хабарламаларға жазылу