Том Круз «Мумия» фильмінің жаңа нұсқасында басты рөлді сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Том Круз «Мумия» фильмінің жаңа нұсқасында басты рөлді сомдайды

28.11.2015
Том Круз «Мумия» фильмінің жаңа нұсқасында басты рөлді сомдайды

Голливуд жұлдызы Том Круз «Мумия» фильмінің жаңа нұсқасында басты рөлді сомдайды. Алайда, оның қай кейіпкерді сомдайтыны әзірге белгісіз.

 «Мумия» фильмінің премьерасы 2017 жылдың наурыз айында өтеді. Туындының режиссері – Алекс Куртцман. Сценарий авторы – Джон Спейтс.

Айта кетейік, бұл кинокартинаның түпнұсқасы 1932 жылы түсірілген (басты рөлді Борис Карлофф сомдады). Ал, 1999 жылы ремейкі жарыққа шықты (басты рөлде – Арнольд Вослоу). 

Хабарламаларға жазылу