Нью-Йоркте «Қаһар» фильмінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте «Қаһар» фильмінің премьерасы өтті

17.10.2014
Нью-Йоркте «Қаһар» фильмінің премьерасы өтті

Нью-Йоркте барша көрермен асыға күткен режиссер Дэвид Эйрдің «Қаһар» («Fury») фильмінің премьерасы өтті. Картина 52-ші Нью-Йорк кинофестивалінің аясында көрсетілді. Басты рөлдерде: Брэд Питт, Шайа ЛаБаф, Майкл Пенья, Логан Лерман, Джон Бернтал.

Фильм ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде түрлі әскери тапсырманы орындаған «Қаһар» атты танк экипажы туралы.

Айта кетейік, туындының әлемдік премьерасы 23 қазанға жоспарланған.

 

Сурет: www.theguardian.com

Хабарламаларға жазылу