Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жегін «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жегін «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

21.07.2014
Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жегін «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

26 шілде күні Нью-Йорк қаласындағы 20-мыңдық «Madison Square Garden» аренасында жылдың ең үздік оқиғасы - WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің бұрынғы чемпионы австралиялық Дэниэл Гил арасында жекпе-жек өтеді. Головкин WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын 11-ші рет қорғайтын болады.

Г. Головкиннің промоутері Том Леффердің хабарлауынша, қазақстандық пен австралиялық боксшылардың жекпе-жегін әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді.

«Madison Square Garden» аренасындағы барлық жекпе-жек «KAZsport» телеарнасында Астана уақыты бойынша таңғы 06:30-дан бастап көрсетіледі. Ал, таңғы сағат 8-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин мен Гилдің кездесуін тікелей эфирде ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин 29 жеңісінің 26-ын нокаутпен аяқтаған. Головкин үшін бұл кездесу кәсіби рингтегі 30-шы жекпе-жегі болғалы тұр.

 

Хабарламаларға жазылу