Геннадий Головкин үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті

27.07.2014
Геннадий Головкин үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және ІBO тұжырым бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин әлемнің экс-чемпионы, австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутпен жіберіп, чемпиондық атағын қорғады.

Геннадий Головкин алғашқы раундта қарсыласының қабағын жарып жіберді. Ал екінші раундта Дэниэл Гил нокдаунға түсті. Ал үшінші раунд та қазақстандық боксшы бір соққымен австралиялық боксшының нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында өтті. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жегі болды.

 

Айта кетейік, Нью-Йоркте өтіп жатқан бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу