Ыстықкөлде 1-ші дүниежүзілік көшпенділер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстықкөлде 1-ші дүниежүзілік көшпенділер фестивалі өтеді

23.07.2014
Ыстықкөлде 1-ші дүниежүзілік көшпенділер фестивалі өтеді

Биыл күзде Ыстықкөл жағалауында 1-ші дүниежүзілік көшпелілер фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Эсенгул Омуралиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта дүниежүзілік көшпелілілер фестиваліне дайындық жүргізілуде. Шара 14-15 қыркүйек күндері Ыстықкөлде өтеді. Бұл - Түркі тілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған шешім», - деді ол.

Елшінің атап өтуінше, Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан атада өтетін көшпенділер ойынына арналған фестивальге 12 мемлекет қатысады. Оған Орталық Азияның барлық елдері, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қытай, яғни көшпелі халықтары бар елдердің барлығы келеді. 

«Меніңше, бұл алғашқы ойын болады. Ал, одан кейін Қазақстанда өтуі мүмкін. Жалпы, оның одан ары қалай өткізілетінін білмеймін. Мүмкін, жылына, не 2 жылда, болмаса, 4 жылда бір рет ұйымдастырылуы мүмкін. Мұны ұйымдастырушылар алғашқы ойын өткізілгеннен кейін шешеді», - деді Э.Омуралиев.

 

 

Хабарламаларға жазылу