Қазақстандық тениисші Андрей Голубев Швейцарияда өтіп жатқан «Credit Agricole Suisse Open Gstaad» турнирін жеңіспен бастады.
Бірінші кезеңде Андрей Голубев испаниялық Иниго Сервантесті үш сетте – 3:6, 6:3, 7:6 есебімен ұтып, келесі айналымға шықты.
Екінші кезеңдегі қарсыласы сербиялық – Виктор Троицки. Ол турнирдің 8-ші ракеткасы швейцариялық Доминик Тимді екі сетте – 7:6, 6:4 нәтижесімен жеңген.
Андрей Голубев екінші айналымға шыққаны үшін 7 мың 405 евро және 20 рейтингтік ұпай алды.