Wimbledon-2014. Андрей Голубев әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wimbledon-2014. Андрей Голубев әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды

24.06.2014
Wimbledon-2014. Андрей Голубев әлемнің бірінші ракеткасынан ұтылды
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Wimbledon-2014 турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.
 
Әлемдік рейтинге 56-шы орында тұрған Андрей Голубев турнирдің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичпен кездесіп, 0/6, 1/6, 4/6 есебімен ұтылды.
 
Новак Джокович екінші айналымда чех Радек Штепанекпен ойнайды. Штепанек бірінші кезеңде уругвайлық теннисші Пабло Куэвастан 6/2, 6/4, 6/4 есебімен басым түсті.

Хабарламаларға жазылу