Геннадий Головкин алдағы кездесуде қарсыласы Дэниэл Гилді уақытынан бұрын жеңеді, деді Серік Сәпиев «PROСПОРТ»-қа берген сұхбатында, деп жазады ҚазАқпарат.
«Дэниэл Гил - Головкиннің кәсіпқой бокс мансабындағы өте мықты қарсыластарының бірі, австралиялық бұрынғы Әлем чемпионы. Десе де Гена үшін аса бір қиын жұдырықтасу болмайды деп есептеймін. Головкин уақытынан бұрын Гилді ұтады», - дейді Серік Сәпиев.
«Әрине Головкинге жанкүйер боламын. Бірақ Уорд та әлсіз боксшы емес. Гена да, Уорд та өз күштеріне нық сенімді. Алайда, Геннадий ұтатынына шүбә келтірмеймін», - деп түйіндеді сөзін Серік Сәпиев.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.