Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге қызығушылық білдіріп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге қызығушылық білдіріп отыр

04.08.2014
Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге қызығушылық білдіріп отыр

49 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуге қызығушылық білдіргенін растады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бернард Хопкинс келесі жекпе-жегін қараша айында ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Аталға жекпе-жектен кейін Хопкинс Головкинмен жекпе-жекке шығыу үшін салмақ тастауға дайын екенін жеткізген. Америкалық боксшы алдағы Сергей Ковалевқа қарсы өткізетін жекпе-жектен кейін қарсыласы болуы мүмкін екі боксшыны атады. Олар – Андре Уорд пен Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, Бернард Хопкинс 20 сәуір күні өткен соңғы жекпе-жегінде отандасымыз Бейбіт Шүменовті жеңген болатын. Ал, Геннадий Головкин соңғы кездесуін 27 шілде күні АҚШ-та австралиялық Дэниэл Гилді нокаутпен жеңген.

Хабарламаларға жазылу