Винченцо Нибали Астана күніне тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винченцо Нибали Астана күніне тарту жасады

07.07.2014
Винченцо Нибали Астана күніне тарту жасады

Қазақстандық «Астана» велокомандасының намысын қорғайтын италиялық велошабандоз Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінің екінші кезеңіне жеңіске жетті.

Йорк пен Шеффилд арасындағы 201 шақырымға созылған қашықтықта Нибали мәре сызығын бірінші кесті. Ол «BMC» командасының бельгиялық велошабандозы Грег ван Авермет пен «Omega Pharma-Quick Step» командасының польшалық өкілі Михал Квятковскийді екі секундқа қалдырып кетті.

Бұл жеңістен кейін Винченцо Нибали бірінші кезеңде топ жарған «Giant-Shimano» командасының германиялық велошабандозы Марсель Киттельден сары жейдені тартып алып, жалпы есепте көш бастады. Екінші және үшінші орында - словак Петер Саган (Cannondale) мен бельгиялық Грег ван Аверме (BMC).

Хабарламаларға жазылу