В. Нибали жалпы есепте топ бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В. Нибали жалпы есепте топ бастады

17.07.2014
В. Нибали жалпы есепте топ бастады

Ең беделді веложарыс «Тур де Франс» бәйгесінің 11-кезеңі аяқталды. 11 кезеңнің қорытындысы бойынша Астана командасының шабандозы италиялық Винченцо Нибали жалпы есепте топ басында. Ал, 187 шақырымдық 11-ші кезеңнің жеңімпазы атағына «Лото-Белизол» командасының спортшысы француз Тони Галлопен ие болды. Екінші сатыға неміс Джон Дгенкольб жайғасса, үздік үштікті «Омега фарма» командасының шабандозы Маттео Трентин түйіндеді. Ал, «Астана» командасының шабандозы Якоб Фульсанг мәре сызығын 17 кессе, Винченцо Нибали 20 орынға тұрақтады.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу