Онда өңірдегі агро өнер кәсібінің дамуы және ірі қалалардың азық-түлік белдеуін қалыптастыру, отандық өнімді экспортқа шығару мәселелері қаралады, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2013 жылы СҚО аграрлық саласына 30 млрд. теңге инвестиция құйған. Ал, биыл облыстың АӨК қолдауға қазынадан 8,2 млрд. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ірі қараны бордақылау үшін 4900 орын пайдалануға берілді, ал ағымдағы жылы бойынша облыс бойынша АШТӨ жеке қаражаты және басқада қаржыландыру көздері есебінен 2100 мал бордақылау орны іске қосылған.
Ұлттық холдингтің «ҚазАгроӨнім» АҚ еншілес компаниясы арқылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау үшін 2013 жылы 182,1 млн. теңге бөлген.