Әскери журналистердің ДНҚ-сы ақпараттар базасына енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери журналистердің ДНҚ-сы ақпараттар базасына енгізіледі

06.07.2014
Әскери журналистердің ДНҚ-сы ақпараттар базасына енгізіледі

Ресейдің мемлекеттік думасының депутаттары қауіпті жерлерде жұмыс істейтін журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасын дайындады. Бұл туралы «Известия» газеті жазады.

Жаңа өзгертулерге сәйкес, БАҚ бас редакторлары мен құрылтайшылары әскери журналистермен еңбек келісімшартын жасауы керек. Ол журналистердің кәсіби қызметтерін орындауға  қажетті жағдай жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.

Мысалы, қауіпті аймақтарға аттанып бара жатқан журналистер геномды тіркеуден өтуі тиіс. Осылайша, олардың ДНҚ-сы ақпараттар базасында сақталатын болады. Бұл - журналист оқыс жағдайға тап болғанда, адамды анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жұмыс беруші репортерлердің жеке қорғанысы үшін қажетті құрал-жабдықтар және  қару-жарақпен қамтамасыз етіп, арнайы жаттығу жасау әдістерін үйретуі керек. Олармен қосымша сақтандыру, сырқаттанған, жараланған немесе басқа да оқыс жағдайда келісімшарт болуы қажет.

Соңғы бірнеше айда Украинадағы қақтығыстар кезінде Ресейдің бірнеше журналисі қаза  тапқан.

Хабарламаларға жазылу