Мадуро Бразилия, Колумбия, Перуді айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадуро Бразилия, Колумбия, Перуді айыптады

24.12.2019

Венесуэла президенті Николас Мадуро елдің әскери базасына жасалған шабуылға Бразилия, Колумбия, Перуді айыптады. Оның айтуынша, аталған елдер лаңкестікке кінәлілерді жасырып, оларға қолдау көрсетіп отыр. Бұл турасында Мадуро министрлермен өткен кездесу барысында айтты.

Айта кетсек, желтоқсанның 22-де Венесуэланың оңтүстігіндегі әскери бөлімшеге шабуыл жасалып, 1 сарбаз қаза тапты. Қылмыскерлер қоймадағы қару-жарақты ұрлап, көршілес мемлекеттерге қашып кеткен. Қазір қолды болған арсеналдың көбі қайтарылып, 11 күдікті қолға түсті.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу