Астанада қоғамдық көліктің жүргізушілері мен кондукторлары біліктілігін арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қоғамдық көліктің жүргізушілері мен кондукторлары біліктілігін арттырды

23.10.2014
Астанада қоғамдық көліктің жүргізушілері мен кондукторлары біліктілігін арттырды

Биыл Астанада көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы жұмысын бастаған болатын. Бес айдың ішінде орталықта 1 094 маман білім алған. Оның ішінде, 674 автобус жүргізушісі мен 420 кондуктор.

Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарланды.

Сондай-ақ, екі таксомоторлық компанияның 26 жүргізушісінің біліктілігі арттырылды.

Курста қазіргі заманғы автобустарды пайдалану саласындағы үздік қазақстандық және шетелдік мамандар оқытады.

Курсты бітірген соң, білім алушыларға IDcard беріліп, олар автоматты түрде Астана қаласы көлік мамандарының мәліметтер базасына енгізіледі. 

Хабарламаларға жазылу