Ресей танкілері Ауғанстанмен шекарадағы полигонда шоғырланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей танкілері Ауғанстанмен шекарадағы полигонда шоғырланды

23.07.2021

Ресей Тәжікстандағы әскери базасына 50-ге жуық танк аттандырды. Әскери техника Ауғанстанмен шекарадан 20 шақырымдағы Харб-Майдон сынақ алаңына шоғырланған. Бұл жерде Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан тамыздың 5 мен 10-ы аралығы бірлескен жаттығулар өткізбек. Ресей әскерилерінің айтуынша, маневр кезінде жауынгерлер қаруланған заңсыз топтарға бірлесе соққы беруді пысықтайды. Әскери жаттығулар әрі қарай Өзбекстанда жалғаспақ. Айта кетері - Мәскеу АҚШ әскері кеткеннен кейін тәліптердің Ауғанстан жерінің бірқатар бөлігін басып алуына алаңдаулы. Радикалды топ тәжік-ауған шекарасының 900 шақырымдық бөлігін бақылауға алған.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу