«Келбетте» - Оралбай Әбдікәрімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - Оралбай Әбдікәрімов

05.07.2014
«Келбетте» - Оралбай Әбдікәрімов

Оралбай Әбдікәрімов 1944 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі, саясаттанушы.

Саясаткер бірқатар жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Қарағанды қалалық халықтық бақылау комитетінде, партия органдарында, республикалық басқару органдарында мемлекеттік қызметте, Президент Аппараты басшысының орынбасары-Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Қоғам қайраткері турасында толығырақ ақпаратты бүгін 16.10-да Ұлттық арнадағы «Келбет» бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу