Алматы облысында «Сонар-2021» құсбегілер сайысы мәресіне жетті
Алматы облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Сонар - 2021» республикалық құсбегілер турнирі аяқталды. Үш күнге созылған саятшылар бәсекесіне 11 команда, барлығы 80 құсбегі қатысты. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқыда құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі сыналып, қырандарды еркін ұшырып, шырғаға қондырса, финалдық кезеңде құстарды қоян мен түлкіге салды. 24-ші рет ұйымдастырылып отырған сайыста құмай тазылардың да жүйріктігі сыналды.
Оралбай Әбдікәрімов, «Қансонар» қауымдастығының төрағасы:Бұл шара әрине біздің жастарымыздың санасын өзгертеді. Қазақ екенін білдіреді. Қазақтың салт дәстүрін біледі. Тәуелсіз ел екенімізді, өзіміздің ұлттық салт дәстүрлеріміздің көрсеткіштерінің бірі деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Премьер лигасы жылды қорытындылады
11.12.2025, 13:28
«Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы спорттық сайыс өткізді
11.12.2025, 13:24
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
11.12.2025, 13:21
Қостанайда сотталғандар жұмыс істейтін өндіріс орны ашылды
11.12.2025, 13:18
Көкшетауда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды
11.12.2025, 13:15
$1 миллионға АҚШ-қа виза алуға болады
11.12.2025, 13:12
Грекия фермерлері шеруге трактормен шықты
11.12.2025, 13:09
Жетісу облысында жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды
11.12.2025, 13:06