Жемқорлықпен күрес күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықпен күрес күшейеді

18.10.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның санасын ояту. Жаңадан құрылған «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысының басты міндеті осындай. Республикалық қоғамдық бірлестіктің Батыс Қазақстанда да филиалы ашылды. «Жемқорлықпен күресті күшейту үшін мемлекет пен азаматтық қоғам тығыз байланыста жұмыс істеуі керек», - дейді бастамашылар.

Оралда өткен жиында басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кету институтын енгізу, кіріс-шығысы жайлы декларацияны жариялау, заңсыз баюдың жолын кесуге ықпал ету секілді ұсыныстар айтылды. Қоғамдық ұйым «Ағарту» атты қор құрып, әр деңгейдегі кездесулер өткізбек. Және жемқорлыққа барған мемлекеттік қызметкерді аяусыз әшкерелеуде БАҚ-тың орнын күшейтуі керек деп санайды.

Оралбай Әбдікәрімов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі – біздің алдымызда тұрған үлкен міндет. Оған барлық азамат қатысуы керек. Біздің жұмысымыз соған бағытталған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу