Былтыр Қарағанды облысында 65 адам парамен ұсталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр Қарағанды облысында 65 адам парамен ұсталған

29.03.2019

Көбіне мемлекеттік қызметкерлер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен білім және құрылыс саласында парақорлыққа жол берген. «Nur Otan» партиясында бүгін аймақтағы сыбайластық мәселесі сынға алынып, комиссия жұмысының қорытындысы айтылды. Қоғамдық індеттің алдын алу мәселесіне тиісті деңгейде белсенділік танытпаған өңірлік партиялық ұйымдар мен оның мүшелері де сынға алынды.

Оралбай Әбдікәрімов, «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының бірінші орынбасары:

- Ең нашары - жемқорлықты алдын-алу жұмысы. Бұрынғы статистика бойынша. Құқық қорғау органдарының санына қарайды. Негізі партия ұйымдары баға беруі керек. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу