Бүгін Бразилия мен Колумбия кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Бразилия мен Колумбия кездеседі

04.07.2014
Бүгін Бразилия мен Колумбия кездеседі

Бүгін футболдан Әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады. 1/4 финалдың алғашқы матчында Бразилия мен Колумбия құрамалары кездеседі.

Луис Фелипе Сколари шәкірттері әзірге өз ойынын толық көрсете алар емес. Хорватиямен өткен ойында төреші көмектесті, Мексикамен өткен ойында Очоа қақпасын бұза алмады. Ал чемпионаттың ең осал құрамасы саналған Камерун футболшыларымен өткізген ойынды еске түсірудің де қажеті жоқ.

1/8 финалда Чили құрамасын ойын соңындағы пенальти сериясында ғана жеңе алды. Марсело мен Неймардың аздаған жарақаты бар. Ал бас бапкер Сколаридің қорғаушы Дани Алвеске көңілі толар емес. Чемпиондық ойын өрнегін көрсете алмай жүрген пентакампеондар Колумбия құрамасын жеңуге дайын ба?

Хосе Пекерман шәкірттері - мундиальдағы ең мықты құрамалардың бірі.  Олар төрт ойында айқын жеңіске жетті. Сонымен қатар, 1/8  финалда еш қиындықсыз ширек финалға өткен жалғыз құрама. Колумбия құрамасының қазіргі деңгейіне Уругвай футболшылары қарсылас емес. Джеймс Родригес пен Хуан Куадрадоның шеберлігі қарсыластарын алаңдата түседі. Оның үстіне қақпашы Оспина сенімді ойын көрсетуде. Сунига мен Армеро да өз міндеттерін мінсіз атқарып келеді.

Колумбия құрамасының ойыншылары бүгінгі ойынға дайын. Олардың арманы біреу – турнир жеңімпазы атану.

 

Бразилия құрамасы:

Қақпашылар: Жулиу Сезар («Торонто», MLS), Джефферсон («Ботафого»), Витор («Атлетику Минейру»).

Қорғаушылар: Данте («Бавария», Германия), Давид Луиз («Челси», Англия), Тиагу Силва («ПСЖ», Франция), Энрике («Наполи», Италия), Дани Алвес («Барселона», Испания), Майкон («Рома», Италия), Марселу («Реал», Испания), Максвелл («ПСЖ», Франция).

Жартылай қорғаушылар: Бернард («Шахтер», Украина), Фернандинью («Манчестер Сити», Англия), Эрнанес («Интер», Италия), Луиз Густаву («Вольфсбург», Германия), Паулинью («Тоттенхэм», Англия), Оскар, Рамирес, Виллиан (барлығы – «Челси», Англия).

Шабуылшылар: Фред («Флуминенсе»), Халк («Зенит», Ресей), Жо («Атлетику Минейру»), Неймар («Барселона», Испания).

Бас бапкер – Луиз Фелипе Сколари.

 

Колумбия құрамасы:

Қақпашылар: Давид Оспина («Ницца», Франция), Фарид Мондрагон («Депортиво Кали»), Камило Варгас («Санта Фе»).

Қорғаушылар:  Марио Йепес («Аталанта», Италия), Кристиан Сапата («Милан», Италия), Эдер Альварес Баланта («Ривер Плейт», Аргентина), Сантьяго Ариас (ПСВ, Голландия), Хуан Камило Суньига («Наполи», Италия), Пабло Армеро («Вест Хэм», Англия), Карлос Вальдес («Сан-Лоренсо», Аргентина).

Жартылай қорғаушылар: Карлос Санчес («Эльче», Аргентина), Фреди Гуарин («Интер», Италия), Абел Агилар («Тулуза», Франция), Альдо Рамирес («Морелия», Мексика), Хуан Кинтеро («Порту», Португалия), Джеймс Родригес («Монако»), Хуан Куадрадо («Фиорентина», Италия), Александер Мехья («Насьонал»).

Шабуылшылар: Карлос Бакка («Севилья», Испания), Адриан Рамос («Герта», Германия), Виктор Ибарбо («Кальяри», Италия), Теофило Гутьеррес («Ривер Плейт», Аргентина), Джексон Мартинес («Порту», Португалия).

Бас бапкер – Хосе Нестор Пекерман.

Хабарламаларға жазылу