Бразилия жартылай финалда Германиямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия жартылай финалда Германиямен кездеседі

05.07.2014
Бразилия жартылай финалда Германиямен кездеседі

Футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалында Бразилия құрамасы Колумбия футболшыларын 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Есепті ойынның бірінші таймында қорғаушы Тиагу Сильва ашып, мундиаль қожайындарын алға шығарды. Екінші таймда тағы бір қорғаушы Давид Луис айып добын шебер орындап, есепті еселей түсті.

Колумбия құрамасы ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда есеп айырмасын қысқарта алды. Джеймс Родригес пенальтді мүлткісіз орындап, чемпионаттағы алтыншы голын соқты.

Бразилия құрамасы жартылай финалда Германия футболшыларымен кездеседі.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/4 финал.

Бразилия – Колумбия – 2:1 (1:0).

Голдар: Тиагу Силва, 7 (1:0). Давид Луиз, 68 (2:0). Родригес, 79 – пенальтиден (2:1).

Бразилия: Жулиу Сезар, Майкон, Давид Луиз, Тиагу Силва, Марселу, Паулинью (Эрнанес, 87), Фернандинью, Оскар, Халк (Рамирес, 83), Фред, Неймар (Энрике, 88).

Колумбия: Оспина, Суньига, Сапата, Йепес, Армеро, Куадрадо (Кинтеро, 80), Санчес, Гуарин, Родригес, Ибарбо (Рамос, 46), Гутьеррес (Бакка, 70).

Ескерту алғандар: Тиагу Силва, 64. Родригес, 67. Йепес, 69. Жулиу Сезар, 78.

Төрешілер: Веласко Карбальо, Алонсо Фернандес, Юсте Хименес (барлығы – Испания).

4 шілде. Форталеза. «Кастелау» стадионы.

Хабарламаларға жазылу