Бүгін Бразилия мен Германия құрамалары кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Бразилия мен Германия құрамалары кездеседі

08.07.2014
Бүгін Бразилия мен Германия құрамалары кездеседі

Бүгін Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатында жартылай финалдың бірінші ойыны өтеді.

Алаң иелері Бразилия мен Германия құрамалары кездеседі.

Мейіржан Әлібекұлы, тілші:

Күн жаңбырлы. Бірақ бұл 2,5 миллион халқы бар Белу-Оризонти шаһарындағы футбол атмосферасына еш кедергі емес. Жергілікті тұрғындардың да, шетелден келіп жатқан, әсіресе, германиялық мыңдаған жанкүйердің көңіл-күйі  керемет.

Мында қазір нағыз футбол тойы. Халқы да нағыз патриот екен. Себебі, Әлем чемпионаты басталғаннан бері әр көлікте, әр үйдің терезесінде Бразилияның байрағы. Әр көшеде «Бразиялия алға!» деген ұрандар жазылған. Мен тұрған «Минейрао» стадионының маңы әзірге тыныш. Шаһарда қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Дегенмен, осындай жауапты күнде футболға қарсы ереуілшілер де сабаларына түсіп,  футболшыларына қолдау көрсетіп кеткендей. Футбол сарапшылары Неймарсыз Бразилияны жеңіліс күтіп тұр, Германия құрамасы жеңеді деген ойларын айтуда. Букмекерлік кеңселер де 1:0 есебімен Германия жеңеді, деген болжам жасауда. Екі команда бұған дейін 21 жолдастық кездесу өткізген.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу