Бүгін Бразилия мен Германия кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Бразилия мен Германия кездеседі

08.07.2014
Бүгін Бразилия мен Германия кездеседі

Бүгін футболдан Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Бразилия мен Германия құрамалары кездеседі.

Бұл ойында Бразилия құрамасының үздік қорғаушысы Тьяго Силва мен үздік ойыншысы Неймар алаңға шықпайды.

Топтық кезеңде тамаша ойынымен көзге түскен Неймардың плей-оффта жолы болмады.  Алдымен Чили футболшыларының қорғанысынан өте алмаса, кейін Колумбия футболшыларымен өткен ойында жарақат алды. Ол үшін мундиаль аяқталды. Ал Тьяго Силва ескертуге байланысты жартылай финалға қатыса алмайды.

Тьяго Силваның орнына Данте шығады деп күтілуде. Ал  Неймардың орнына екі үміткер бар. Біріншісі - шабуылдаушы жартылай қорғаушы Виллиан, ал екіншісі – қорғанысқа көп көңіл бөлетін Рамирес. Тағы бір жартылай қорғаушы Оскар да қорғанысты қараусыз қалдырмайтынын ескерсек, Германия футболышылары үшін шабуылды ұйымдастыру қиынға түспек.

Екі құрама да плей-офф кезеңінде қорғаныста ойнады. Жартылай финалдық кездесуде де бұл тактиканың өзгеруі екіталай.

Алдын-ала болжамдар бойынша, кездесу тағдырын жалғыз гол шешуі ықтимал. Бұл голды Германия футболшылары соғуы мүмкін. Өйткені, олар ойынды жақсы ұйымдастыра біледі.

Алайда, неміс футболшылары ірі турнирлердің шешуші ойындарында нашар ойнайды. Сол себепті 20 жыл бойы жеңіс тұғырынан көріне алмай келеді. Оның үстіне бразилиялық футболшылардың өз алаңында аянып қалмасы анық.

Бразилия – Германия матчы 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні Астана уақытымен 02:00-де басталады.

 

Бразилия құрамасы:

Қақпашылар: Жулиу Сезар («Торонто», MLS), Джефферсон («Ботафого»), Витор («Атлетику Минейру»).

Қорғаушылар: Данте («Бавария», Германия), Давид Луиз («Челси», Англия), Энрике («Наполи», Италия), Дани Алвес («Барселона», Испания), Майкон («Рома», Италия), Марселу («Реал», Испания), Максвелл («ПСЖ», Франция).

Жартылай қорғаушылар: Бернард («Шахтер», Украина), Фернандинью («Манчестер Сити», Англия), Эрнанес («Интер», Италия), Луиз Густаву («Вольфсбург», Германия), Паулинью («Тоттенхэм», Англия), Оскар, Рамирес, Виллиан (барлығы – «Челси», Англия).

Шабуылшылар: Фред («Флуминенсе»), Халк («Зенит», Ресей), Жо («Атлетику Минейру»).

Бас бапкер – Луиз Фелипе Сколари.

 

Германия құрамасы:

Қақпашылар:  Мануэль Нойер («Бавария»), Роман Вайденфеллер («Боруссия» Д), Рон-Роберт Цилер («Ганновер»).

Қорғаушылар: Жером Боатенг, Филипп Лам («Бавария»), Эрик Дурм, Кевин Гросскройц, Матс Хуммельс (барлығы – «Боруссия» Д»), Бенедикт Хеведес («Шальке»), Пер Мертесакер («Арсенал», Англия), Маттиас Гинтер («Фрайбург»).

Жартылай қорғаушылар: Юлиан Дракслер («Шальке»), Марио Гетце, Тони Кроос, Томас Мюллер, Бастиан Швайнштайгер (барлығы – «Бавария»), Кристоф Крамер («Боруссия» Менхенгладбах), Сами Хедира («Реал», Испания), Месут Езил («Арсенал», Англия), Марко Ройс («Боруссия» Дортмунд).

Шабуылшылар: Мирослав Клозе («Лацио», Италия), Лукас Подольски («Арсенал», Англия), Андре Шюррле («Челси», Англия).

Бас бапкер – Йоахим Лев.

Хабарламаларға жазылу