Көші-қон мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көші-қон мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді

03.07.2014
Көші-қон мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді

4 шілде күні Алматыдағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Көші-қон мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру»  тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Жиынға Алматы қаласы Еңбек және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Көші-қон полициясы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы  өкілдері қатысып, көші-қон саласы бойынша заңнамалық актілер, олардағы  өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндайтын болады.

Дөңгелек үстелге шетелдерден елге оралып жатқан қандастар қатыстырылады.  Шараны халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры, Алматы қаласы Еңбек және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазақстан Жазушылары  кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Хабарламаларға жазылу