Google домендерді тіркеу сервисін іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Google домендерді тіркеу сервисін іске қосты

29.06.2014
Google домендерді тіркеу сервисін іске қосты
 
Google компаниясы тесттік режимдегі Google Domains атты домендерді тіркеу сервисін іске қосты, делінген компанияның хабарламасында.
 
Google-дің айтуынша, жаңа сервис бизнес өкілдеріне интернетте жеке бет ашуда керек болатын домендік есімдерін табуға көмектеседі. Жоба сондай-ақ, корпоративті электронды поштаны тіркеп, оған басқалардан келген хаттарды жіберуге мүмкіндік береді.
 
Жаңа сервисте Google-дің серіктестері  хостин-провайдерлер, Squarespace, Wix, Weebly және  Shopify болмақ.
 
Google Domains ең ірі тіркеу сервисі GoDaddy –тің аясында жүзеге асты. 2013 жылдың нәтижесі бойынша, бұл сервис 57 миллион шамасында домендік атауға ие. Ол 1,1 миллион АҚШ доллары көлемінде кіріс әкелген.

Хабарламаларға жазылу